Created: 17 Наурыз 2021
325

ҰБТ туралы мәлімет

2025 жылғы талапкерлер!

Негізгі ҰБТ - ға өтініш беру 2025 жылғы 12 - 25 сәуір аралығында www.app.testcenter.kz  сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
12 - 18 сәуір аралығында ҰБТ - ға бір рет өтініш беру;
19 - 25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беру қолжетімді болады.
ҰБТ өткізу мерзімі: 2025 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.

Тестіленушілер ҰБТ - ға өтініш беру кезінде ұсынылған тестілеудің өту пунктін, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып, екі сертификатыңыздың біреуімен (ең үздік нәтижемен) білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Негізгі ҰБТ - ға қатыса алады:
2025 жылғы мектеп және колледж түлектері;
мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
қандастар;
жоо - да шартты түрде білім алушылар.

Ағымдағы (2025) жылдың мектеп түлектері ҰБТ - ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны - 5 640 теңге.