Created: 17 Наурыз 2021
413

Психолог қызметі

Бала  -  біздің  болашағымыз.

Бала тәрбиесі  қашанда кезек күттірмейтін  күн  тәртібінен түспейтін  өзекті  мәселе  болып  қала  бермек. Сондықтан да мынау жаһандану  заманында  ұсынып  отырған  баланы  тәрбиелеудің  бірнеше  жолдары  осы аталған  құралдың  негізгі ұстанымы деп айтар едік.  Бала  тәрбиесінде  ата – ана  басшылыққа  алатын  ұстанымдар:

  • Балаңыздың  ең алдымен,  денсаулығын  қадағалаңыз. Денсаулық – тәннің  емес, жанның  да  кепілі. Дені сау бала  ғана  оқу  мен  тәрбиеге  ықыласты  болады.  Балаңызды  кішкентай  кезінен  денсаулығын  күте  білуге,  денесін  шынықтыруға  дағдыландырыңыз.  Денесін шынықтыра   отырып,  ұқыптылық пен  тазалыққа  да үйретіңіз. Үйрету  дегеніміз – ақыл айту емес, өзіңіздің  үлгі болуыңыз,  барлық  істі  бірге  орындауыңыз. Олай  дейтін  болсақ, үйрету  үлгі  көрсетуден  басталады.
  • Балаңызбен  жақын  сырлас,  дос  болуға тырысыңыз. Бала  үшін ең  жақын  адам ата – ата  болғанымен  де, баланың  қашанда  ата – анасына   айта  алмай,  жасқаншақтайтын  сәттері  де  аз  болмайды. Сондай  сәттерде  дөп басып,  баланы  бауырыңызға  тарта  білу  өте  маңызды. Балаңыз  өзінше жасырып жүрген сырын  айтып ,  сізбен  бөлісуі  мүмкін.Ондай кездерде балаға  жекімей  не  болмаса,  мазақ етіп күлмей,  мұқият  тыңдап.  өз көзқарасыңызды білдіріп,  кеңес айта білу  балаңыздың  сізге  деген  сенімін  арттырады. Ал  бала  тәрбиесіндегі  басты  құрал – сенім.  Сенім   болғанда  жай  ғана  бір  соқыр  сенім  емес,  нұрлы  сенім  керек. Сіздің  балаңызға  тұлға  ретінде  қарап,  онымен  ақылдаса  отырып,  бірлесе жұмыс істегеніңіз  балаңызды  жігерлендіреді, оның әр қадамын  сенімді ете түседі.
  • Балаңыз қандай  да болмасын  қате  іс жасаса, жекіп қатаң  жазалау қажетсіз де өнімсіз. Ондай кездерді бала өзі де қуыстанып, бойында үрей пайда болады. Керісінше  балаңызға  ақыл айтып, жол  көрсетіңіз. мұның пайдасы  сонда ғана  көбірек болмақ. Ең бастысы  қателікті  бетке айтып,  мойындатуда емес,  жақсысын алдымен айтып, баланы  жігерлендіре  отырып,  кемшіліктерін  жұқалап  жеткізу,  сонымен қатар кемшілікті  жою  жолдарын  көрсету.
  • Бала  болған  соң, өз қатарластарымен  бірде  тату,  бірде ренжісіп жатады. Ондай сәттерде  балалардың арасына түсу,  олардың татулығына сызат түсіріп,   қарым-қатынастарын ушықтырмаса,  жақындастырмайды. Егер  бала  арасына  түссеңіз, сіздің көмегіңізге жүгінетін болады.бұндай. жағдайда  баланы  сырттай  бақылаған  абзал.  Балаңыз  орынсыз  жәбірленіп  жатса,  араласуға болады

5.Балаңыздың  бос  уақытында  немен айналысатынын ,  қандай іске  икемді екенін  қадағалаңыз. Балаңызға  бейімі бар істерді  беруге тырысыңыз. Мұндай  әрекеттер баланы  дамытып қана  қоймай, зиянды  әдеттерден де сақтайды. Қолы бос, айналысатын ісі жоқ  бала  зиянды істерге  біртабан жақын  болатынын да ұмытпағаныңыз  жөн.   Баланы үнемі  ынталандырып  отыру керек.  Белгілі  педагог М. Жұмабаевтың тұжырымына  жүгінсек  «  Бала  еш уақытта іссіз отыра алмайтын  болғандықтан,  балаға  пайдалы іс беріп отыру  керек. Сол уақытта бала   өмір бойы  пайдалы іске  әдеттеніп  кетеді. Бала  өз ырқымен  істемеген істен  тез көңілі суып,  айналасына  бей-жай  қарайтын болады. Баланы өз жасынан ерте шаршатып  алудан  сақтанған абзал.

  1. Баланы еркін тәрбиелеу керек. Әр нәрсенің өз  шегі болады. Сол белгіленген  шекті бала сезініп, түйсініп  өсуі керек. Қатты сөйлеу  баланы сізден  соншалықты  алыстатса, жылы қарым-қатынас, жақсы көзқарас – сізді балаңызға жақындататын ең оңай  жол. Үнемі бұйырып  сөйлеу  баланың  бойын  соған әдеттендіреді.   
  2. Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты еш кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан балаңызды  ақпараттарды  талғап  қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге, ойланып сөйлеуге  үйреткен абзал.

8.Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Бір затты көрсе, соны міндетті түрде бұрап,  сындырып,  тіпті ішін ашып  ақтарып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ қойғыш та болып кетеді.  Ондай балаларды  үнемі ұрсып, тәртіпке келтіріп жатамыз. Бірақ оған көнетін бала көрінбейді, одан сайын  қыңырлық танытып,  ақыры қатаң жазалаудан  кейін ғана тынышталады. Мұндай  балалар  кейде  табиғатынан  дарынды  болып  келеді. Тек  баланың  бейімін  тап басып.  бағыттай  білсеңіз  болғаны.

9Бала  тәрбиесіндегі ең  негізгі  тетік – баланы  өз  күшіне  сендіруге  үйрету.  Балаңыздың болашағына  қандай  сенсеңіз,  оның әр ісіне  де сондай  сенімді  болуы керек. Балаға ең алдымен,  өзіңіз сенбесеңіз,  оған  ешкім де  сенбейді.  Баланы өз күшіне  сендіру оны  батыл болуға  тәрбиелейді.

 

           

Балаңызбен  қалай  қарым-қатынас   жасау керек .

Бала үшін отбасы -  басты ақпарат көзі,  сондықтан бала  өмірді  алғаш  отбасының ықпалымен  таниды.  Бала өзінің  ең жақын адамдары  арқылы  өзін қоршаған  дүниені  танып біледі.   Бала жүрегі  тым нәзік  әрі сезімтал.  Отбасы берекесі бала үшін  жайлы көңіл-күйдің  орнауына  ықпал ете отырып, оның іштей  торығуына  жол бермейді. Қарым – қатынастың  маңызды қызметі – бала мен ата-ана  арасындағы  қарым – қатынас реттілігі. Ата – ана үшін  бала қаншалықты  қымбат болса,  бала үшін де   ата – ана махаббаты  мен  қамкоры  өте маңызды.  Баланың  айналасын жылы қабылдауы  үшін  ата – ананың  еңбегі ұшан – теңіз. Ересектердің  дұрыс қарым – қатынас  жасауы  баланың жалпы  дамуына  ғана емес, оның оқуы мен тәрбиесіне де айтарлықтай әсер етеді. Кейбір отбасында  баланы жатсыну, жатырқау қарым – қатынасы қалыптасады. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала жалғыздықты сезінеді, өзін ешкімге керек жоқтай көріп  күйзеледі, бақытсыздықты  басынан кешкендей, осы тығырықтан шығу жолын таба алмай қиналады. Соның нәтижесінде бала достарымен де қарым-қатынас жасауға  қиналады,  Бала  тәрбиесінде  еркіндік қағидаларын  ұстануы керек.  Мұндай жағдайларда  балаларымыз  көбінесе , еркіндіктің,  шегін білмей өседі, қыңыр, қырсық, кірпияз болады..  Осындай отбасында  тәрбиеленген  балалар өзімшіл болып өседі де, достарымен қарым-қатынасы  айтарлықтай қиындықтарға тап болады. Кейбір отбасында  баланың  танымдық қабілетін  дамытуға  мүмкіндік жасалады.  Балаңызбен  араларыңызда түсініспестік  туып,  жанжалға ұласатындай жағдай болса, оны бастан аяқ мұқият  тыңдағаныңыз абзал. Балаға айтылатын талаптар мен нормалар достық даыс ырғағымен айтылуы  қажет. Сонмен  қатар  баланы  жазалаудан аулақ  болған дұрыс.  Жазалау, қажет болған жағдайда  жеке тұлғасына, ар-намысына тимейтіндей, баланың іс-әрекетін сараптан өткізіп, қателігін түсінуге мүмкіндік беретіндей болғаны абзал. Ата-ана  өзінің  әрбір іс – әрекеті, қимылы,көзқарасы арқылы  баласына  айтарлықтай  әсер  ететіндей естен шығармағаны жөн.

 

 

Бала құқығын  қорғау  және  күш  көрсетпей  тәрбиелеу.

Баланы күш  қолданбай  тәрбиелеу ерік-жігері мықты адамдардың  қолынан  ғана  келеді. Ол шыдам мен төзім, икемділік  пен балаға  тұлға  ретінде құрметпен қараудан  көрініс табады. Ересек адамның  күш қолдану бәрібір  де   еш нәтижеге әкелмейді. Баланы шыдамдылықпен тәрбиелеу баланың өз бойында шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырды, сол арқылы  айналасындағыларды сыйлауға үйренеді.

Баласын тәртіпке шақыру  мақсатында ата-аналар  түрлі психологиялық, физикалық, моральдық  жазалаулар қолданады.Физикалық  жазалар баланың  ата-анасынан көңілін суытады, бала денесіне түскен жараның  орнының жазылатынын білгенмен, жанына түсетін  жара  ешқашан  жазылмайтынын  түсіне бастайды. Психологиялық жазалау  баланың  жанын  мұнан да қиын  дертке ұшыратады.  Ата-ана бала үшін ең жақын әрі қымбат адам. Сондықтан  жақын адамнан жәбір көру баланы  адамдарға деген  сенімсіздікке жетелейді.Ата-аналар тарапынан балаға жасалатын қатыгездік  көбінесе, баланың  қателігіне  байланысты емес, ата-аналардың  өз басындағы  күйзеліс пен  сәтсіздіктен  туындаған тоқыраған күйде  жататыны өкінішті. Жазалау кезінде,  ең бастысы,  баланың тұлғасына  құрметтпен қарап, оның жас ерекшелігін , өзіндік жеке қасиеттерін ескере   отырып , әділ түрде  ойланып  әрекет жасауы керек. Баланы  тек  жазалап  қана қоймай , оның дұрыс әрекетін  жылы сөздер арқылы  ынталандырып отыру керек.  Баланы қатыгездікпен  жазалау  баланың денсаулығына  да айтарлықтай  әсер ететіні де  белгілі. Тамаққа тәбеті төмендейді,  күйзеліске ұшырайды,  ой-өрісінің  дамуы  баяулайды,  өзімен-өзі болып  тұйықталуына әкеп соғады. Ата-ана тарапынан  жасалатын  мұндай дөрекі  де  қатыгез  қарым-қатынас  баланың  өзіне-өзі қол жұмсауға  дейін жеткізетіндігін бүгінгі  психология  ғылымы дәлелдеп отырғаны  да ақиқат.

 

Ата-ананың  басты міндеті – баланың еркін дамуына жағдай тудыру, шығармашылық қабілеті дамыған,  өзіне,  жарқын болашақ пен жақсы өмірге  сенімді тұлғаны  тәрбиелеу. Ата-ана  мен баланың арасында  шынайы адал сүйіспеншілік ,  рухани  жақындастық, екі жақты өзара  сыйласымдылық,сенім болған жағдайда  бала өз көзқарасы мен ақыл-ой тұрғысында  нық тұрып, болашақта  ата-анасының  мықты тірегіне  айналмағы  сөзсіз.

 

Ата-анаға  айтарымыз...

 

  1. «Баламның құқығына қол сұқпас үшін мен не істеуім керек?»  деген  сауалды  ата-ана өзіне  жиі қойып отыруы  керек.

2.Бала үшін ата-ана үнемі үлгі болмақ. Сондықтан сіз өзіңіз  бас  болып  балаңыздың құқығын бұзып жатсаңыз, бала оған әдеттенеді, өз құқығы аяқ асты тапталып жатсада мән бермейтін  жағдайға жетеді. Кейін айналасындағылар  балаңыздың құқығына  қаншалықты қол сұқса  да , бала  оған  немқұрайлылық  танытады.

3.Балаңызға дер кезінде  таңдау  құқығын бере білуге  тырысыңыз.

4.Баланың ар-намысына нұқсан  келетін жағдайларда балаға қорған бола біліңіз.

5.Белгілі бір қиындықтарды жеңуде баланың таңдау еркіндігіне, шешім қабылдауына мүмкіндік  беріп, ынталандырып, бірлесіп әрекет жасаңыз.

6.Үйде  баланың ішкі жан  дүнесіндегі қиындықтарын бүкпесіз айтуына  жағдай жасау керек.

7.Балаңызды  өз құқығын  өркениетті  түрде  қорғауға  үйретіңіз

 

Бала  және конфликт

 

1.Балаңыз сізге сенім артса,  оны  бағалай  біліңіз  және  оған  түсіністікпен  қараңыз.

 

2.Балаңыздың  ішкі  жан -  дүнесіне үңіле беріңіз, оларда болатын  түрлі күйзелістердің  алдын алуға  тырысыңыз.

 

3.Ашуға  ерік беріп жүрмеңіз. Кейде  жанжалдың  ұсақ-түйектен шығып жататыны бар.

 

 

4.Егер соңғы уақыттарда балаңыз бір түрлі  болып өзгеріп, көп сөйлемей  тұйықталып  бара жатса, оған дер кезінде назар аудара біліңіз. Не істер дейсің, басылар- деп қоя  салудың қажеті жоқ. Балаңыздың ішкі жан дүниесіне үңіліп, көмек көрсете біліңіз.

 

5.Балаңыздың өз ойын нақты әрі түсінікті  жеткізе білуге дағдыландырыңыз.Өзіңіздің де мұндай кездерде  шыдамдылық  танытып,  бетін қайтармай, аяғына шейін  тыңдауға  тырысыңыз. Балаңызды сіз тыңдай білсеңіз, балаңызда  өзге адамдарды  тыңдауға үйренеді. Жақсы әңгімеші болу үшін мұқият тыңдаушы болуға  үйрену керектігін  естен  шығармаңыз.

 

6.Балаңызбен   ара кідік әңгімеде жалпы оған  айғайлаған ұнайды ма?  ол туралы  не ойлайды? өздерін  ол  кезде қалай  сезінетіндігі  туралы  сұрап қойыңыз.  Сол арқылы бала өзіне  ой түйеді,  өз  реніш-өкпелері болса, ұрыс-керіссіз-ақ түрлі жолдармен жеткізуге  болатындығын түсінеді.

7.Мәселелер  мен  кикілжіңдер туындағанда оны бірлесіп  шешуге  тырысыңыздар.

 

8.Балаңызды  ең  алдымен өзін, сосын өзгелерді сыйлай білуге үйретіңіз. Ол үшін өзіңіз балаңызға сенім артып, оны  сыйлай білуіңіз                             

 

Ата-анаға айтарымыз..

1.Шамаңыз келгенше балаңызды өзіңізден ажыратпауға тырысыңыз. Бала әрқашан да  ата-анасымен бірге болуы керек. Ата-анасынан ажыраған бала  түрлі  күйзелістерді басынан кешіреді. Бірақ шектен тыс баланы айналып  толғану  да  кері әсер етеді. Онымен бірге ойнаңыз, сол арқылы өзіңізді  балаңыздың орнына қойып көріңіз.Қарым-қатынаста икемді болыңыз, қателік жіберсеңіз, оны мойындаңыз.

 

2.Бала тұлғасының даралығын, ерекшелігін  ескеріңіз.Балам неге өзге балалар сияқты емес деп, оны басқалармен салыстырудан сақ брлыңыз. Бала табиғат берген  дамумен жүргені дұрыс.

 

3.Балаңыздың бойынан көрінетін түрлі жайттар – қыңырлық, себепсіз жылау,  қорқыныш, өзін-өзі ұстай алмау,  жүйкесі жұқарғандық, шыдамсыздық, шаршау,   ұйқысының бұзылуын бірден  байқап,  көмек жасау керек. Мұндай  мінез-құлықтағы  өзгерістер еш  себепсіз  басталмайды.

 

4.Бала әрекетін үнемі  шектеп  отырмаңыз. Оны өзіңіздің айқаныңызбен жүргізуге  әдеттендіру бала бойында сенімсіздік ұялатады.

 

 

5.Балаңызбен бірге баратын жерлердің санын біртіндеп көбейтіп отырыңыз. Сол арқылы балалардың жалпы әлем туралы  ой-пікірлері, тұлға ретіндегі дүниетанымы қалыптасады.

 

6.Баланың ішкі-күш қуатын арттыратын, қозғалыс қажеттілігін  өтейтін жағдайлар жасауға  көп көңіл бөліңіз.

 

 

Баланың күнделікті сабаққа дайындалуындағы ата-ана ескеретін жайттар

Балақан өсіру – балапан өсіру емес.

Жер бетінде қазақтан асқан балажан халық жоқ шығар. Неге десеңіз, «Бала бауыр етің», «Балалы үй базар» деген халықтың бір баласын бір ауыл болып тәрбиелейтін өзіндік үлгісі әлемнің өзге де бір жұртында кездеспейтін құбылыс десек артық айтқандық емес. Балаларымыздың мектепке барамын деп қуанғанын көріп, арманыңа да жеттің. Оның балалық ермектеріне енді тіршіліктің жаңа қамы қосылды. Үй тапсырмасын орындау керек, ертеңгі сабақтарға қажет оқулық, дәптер, жазу құралдарын әзірлеп, сөмкесіне салып қою керек. Оның алғашқы үй тапсырмалары, әрине, онша қиын емес. Сонда да оларды күнделікті мұқият орындап отыруы әдетке айналуы қажет.

Ең  алдымен үйде балаңыздың тұрақты жұмыс орны, жинақы үстелі, бойына шақ орындығы болуы, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс. Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу үстеліне жақын сөреде болғаны жөн. Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз үстелінің маңындағы көрнекі жерге  кестелер: сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыштар әзірлеген дұрыс.

Бала мектептен шарашап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.

Екінші ауысымда оқитындарға да ұйқы ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.

Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.

Бала оқу еңбегіне әбден дағдыланғанша ерінбей, жалықпай, ұрсып зекімей шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсініп отыруына көмектесу, оның бірте-бірте өз міндетіне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік жасау керек.

Бала өзіне парасатпен  қарағанды ұнатады және оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе,жекіріп бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ. «Баланы бастан» деген халық ғибраты айтқандай бастауыш сыныпта негізгі берік қаланған дағды өз жемісін берері хақ.

Оқушыны оқу еңбегіне дағдыландыру үшін оның оқу жұмысының  алдында мынадай ережелерді  іліп қою артық емес.

  1. Бөлмені желдетіп алу.
  2. Компьютерді, теледидарды, телефонды қолданбау.
  3. Ертең қандай сабақтар болатынын анықтап үй тапсырмасын күнделігіңе жазып қою.
  4. Үстел үстіндегі артық заттарды алып тастау.
  5. Оқитын оқулығыңды, дәптер, қаламсабыңды т.б. ал да жазу үстеліңнің сол жағына реттеп қой.
  6. Түзу отырып сабаққа кіріс.

Баланың тапжылмай ұзақ отырып алуы денсаулыққа зиян келтіреді. Әрбір тапсырманы орындап болғаннан кейін 10-15 минут бой жазып серігуі керек, бөгде бір іспен айналысуына да болады.

Бұл мақалада  алғаш мектеп табалдырығын аттаған кішкентай шәкірттің бойында оқу дағдыларын қалай  қалыптастырудың қарапайым амалдары туралы ғана әңгімелестік.

Өмірде әрбір жанұяның өзіне ғана тән жағдайы бар, араласатын ортасына қарай қалыптасқан дәстүрлері бар, үй жұмысында орныққан әдет- салты бар. Бірақ баланың оқуға ынта — ықыласын қалыптастыруға күнде көңіл бөліп отыру, тиісті уақытта тапсырма орындап, сабақ пысықтауға  отырғызып, оның нәтижесін қадағалау, күн режимін орындауды баланың дағдысына айналдыру  баласы мектеп табалдырығын аттаған барлық ата-ананың ортақ міндеті. Бала әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

       

 

«Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?»

(мұғалімдерге кеңес)

Қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белгілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақ та қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдарынан біраз кеңестер ұсынамын:

 

1.Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Ақыл ойды дамытатын бірнеше тапсырмалар беріңіз.

 

2.Ешқашан балаға бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Баланың әрқайсысымен дос ретінде қатынаста болыңыз, мүмкін сізден көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.

 

3.Баланы сабақтан кейінгі уақытын тиімді пайдалануы жөнінде ата-анасына түсіндіріңіз. Үй тапсырмасын орындап, демалып, компьютерге отыру уақыттарын белгілесін, үйдегі уақытын тиімді пайдалансын.

 

4.Төмен баға алған жағдай болса, оны қолдап, төмен баға уақытша екенін, әлі де болса келесі сабақтардан жақсы баға алып, мұғалімдерді таң қалдырасың деп қолдап, қолпаштау керек.

 

5.Азғантай ғана сәтсіздіктер болса да, балаларды  жиі мақтаңыз. Оның еңбекқор, ақылды екенін айтып, онымен қалай мақтанатындығызды айтып қойыңыз. Баланың бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек.

 

6.Баланың әрбір ісі үшін марапаттай біліңіз. Істеген ісі, оқудағы жетістігі үшін марапаттау керек. Бастысы оқуға деген ынтасын арттыру керек.

 

7.Қаталдық, қатаңдық, қатыгездік артыққа апармайды. Қатаң болыңыз, бірақ орнымен. Қатал болам деп  баланың  бойындағы қайсарлықты өлтіріп алмау керек.

 

8.Баланы баурап алу үшін  баламен балаша сөйлесу керек. Сонда ол келесіде сізді көргенше асығып, сізге тартылып тұрады.

 

9.Бірақ осы кеңестердің ұстанатын болсаңыз балаңыздың аздаған уақыт ішінде  нәтиже беретіні сөзсіз. Балаға сіз бен ата-ананың көмегі өте қажет.

 

Психологиялық кеңестер

  1. Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
  2. Шектен шыққан жағдай орын алса дауыс көтермеңіз.Егер сондай бір жәйт үстінде
    дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
  3. Баланы жазалай отырып,дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
  4. Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
  5. Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз,шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
  6. Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
  7. Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
  8. Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кез­де ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз,әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
  9. Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
  10. Сәтсіздік кезіндегі өз көңіл-күйіңізді, реніштеріңізді балалардан жасырмаңыз, олардың бірге қынжылып, сіздің қиналысыңызды өз сезімдері арқылы бірге белісуге жол беріңіз, бірақ шамадан асырмай, бұл үшін оларға ризалығыңызды білдіріңіз.

 

Жеке басқа және жеке өмірге арналған кеңестер: 
1- кеңес Өз өміріңіздің жылдамдығын басыңыз! Тез өмір сүрмеу қажет, жақсы өмір сүру керек! Иә, бұл түсінікті, қазіргі біздің уақытымызда орындалуы қиын кеңестердің бірі. Біздің жылдамдық темпіміз бен өміріміздің стилі біздің денсаулығымызды бұзады, жүйке жүйемізді әлсіретеді, өмірімізді қысқартады, үнемі жүгіріп, асығып тұру адамды шаршатады да. Біз қайда асығамыз? Бәрібір барлығын бірдей үлгеру мүмкін емес. өз әрекеттерімізді талдап, артығын алып тастап, бір аптаға жоспарлап, қол дәптеріңізге жазып дағдыланыңыз! 
2- кеңес

Әр күніңізді келесі рецептімен дайындаңыз: 
-12 порция ақылдылық 
-11 порция шыдамдылық 
-10 порция батылдық 
-9 порция жұмысқа қабілеттік 
-8 порция оптимизм 
-7 порция өз ісіне берілушілік 
-6 порция ойлануды 
-5 порция мейірімділік 
-4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды 
-3 порция юмор 
-2 порция такт 
-1 порция әр балаңызға, оқушыңызға үміт артыңыз! 
Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингредиенттерін үнемі қолданыңыз. «Астарыңыз» дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Мұғалім еңбегіне және шығармашылығынадегентәбеттеріңізашылсын! 

 

Ата – ана сізге айтарымыз......

 

  1. Әңгімелесу. Балаңыздың жасына, өзіңіздің қатты шаршап отырғаныңызға қарамай, балаңыздың және өз жұмыстарыңыз туралы әңгімелесіңіз. Есіңізде болсын, баланың сенімінен айрылу бұл ең үлкен, орны толмас жоғалған дүние, ал сенімге қайта ие болу өте қажырлы еңбекті қажет етеді.
  2. 2. Сөйлесу. Балаға оны жақсы көретініңізді айтуыңыз керек. Егер осы уақытқа дейін айтуға ұялып жүрсеңіз, бүгін әлі кещ емес. Бала жасына қарамай, әрқашанда оны жақсы көретінін естігісі, мейірімді көздерді көргісі келеді. Қымбат заттар ешқашанда балаға деген махаббатыңыздың орнын толтыра алмайды.
  3. Әңгіме кезінде балаңызды тым болмаса бір рет маңдайынан, қолынан сипап өтуге тырысыңыз. Бұл әңгіме барысындағы өте маңызды сәт, бірақ жиі – жиі аялау қажет емес, ол баланың ашу ызасын туғызуы мүмкін. Сүю мен құшумен баланы жаман үйретпеңіз, бұл баланы әсіресе өтпелі кезеңде қатты ұялтады.
  4. Сенім. Балаңыз мен сіздің араңызда сенім бар болған жағдайда, балаңыздың өміріндегі өте маңызды даму кезеңі – өтпелі жасты өткізіп алмайсыз. Ата – ана осы уақытыңызды анығырақ көз алдыңызға елестетіп алыңызшы. Талдап көріңіз, сол кезде сіздің ата – анаңыз нені айтпай қалды, жолдастырыңыздан қандай теріс ақпарат алдыңыз.
  5. Егер сол уақытты қайтара алсаңыз, бүгін сіз нені өзгертер едіңіз. Сіздің адал жасаған талдауыңыз балаңызды осы қиын кезде жақсы түсіну үшін көп көмек береді және сіздің балаңызбен сенімді орнатуыңызға жеңілдік болады.
  6. Сенім бұл баланың сіздің алдыңызда күнделікті жан дүниесін ақтарып салу емес. Сенім – бұл баланың өзі жасаған қылығына жауапкершілігі және соған сіздің көмегіңізбен ашық талдау жасау білуі.
  7. Егер сіз балаға бірнеше рет өтірік айтқан болсаңыз, олда міндетті түрде сізге де өтірік айтады. Аз ғана өтіріктен үлкен өтіріктер туады.
  8. Баланы тәртіпке келтіру кезінде, ешқашанда сіздің балаңыз басқаның баласына қарағанда жаман, ұқыпсыз, ақылсыз, тәртіпсіз, жарамсыз екенін айтпауға тырысыңыз. Бұл дегеніңіз бүгін сіз балаңыз «жақсы» болғаннан кейін жақсы көріп тұрғаныңызды, ал «жаман» болған уақытты жақсы көрми қалғаныңызды көрсетеді. Осыдан кейін балаңыз қатыгез, мейірімсіз, арсыз болып бара жатсы таң қалмаңыз. Балалар өздерін сіз жақсы көретіндей етіп көрсете алмайды. Сіз оларды сол қалпында қабылғыңыз келмиді. Ал балалар сіздің сатқындығыңыз үшін өшігеді, кек алуға тырысады. Бұл ашулы мінез құлық баланың кейінгі бүкіл өмірі бойында бірге жүруі мүмкін.
  9. Егер сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңыз дұрыс қалыптаспаса, міндетті түрде маманға айту қажет. Тек балаға ғана психологтың көмегі керек, ал маған керек емес деген ойда болсаңыз сіздің пікіріңіз қате болады. Өзіңізді өзгертуге дайынсыз ба, соны ең бірінші өзіңіз үшін анықтап алыңыз. Бұл өте қиын, ал балаға оданда қиын, оған сізден басқа ешкім көмек бере алмайды.
  10. Кітапты көп уақыт қолыңызға алмай кеткеніңізге қарамай, уақытыңыз қаншалықты тығыз болсада, жұмыстан қолыңыз босамай жатса да, сізге мамандардың ұсынған кітаптарын міндетті түрде оқып шығу керек. Жалқаудың өрісінде тек қана арамшөп өседі, ал үлкен ұқыптылықпен өңд елген өрістен мол өнңм аласыз.

 

                                      

Әкелер типі (әкелерге кеңес)

Әке-тәрбиеші

Әке де ана сияқты балаға қамқор болады. Оны жақсы көреді, бағалайды. Ана бала тәрбиесінде әрдайым көмекке мұқтаж. Сондықтан баланың жай-күйін қадағалауды әке де теңдей бөлісе алады. Қолы қалт еткенде баласына тамақ беріп, киімін ауыстырып, жуындырып, ұйықтатса несі айып? Кей ер кісілер мұндай іске өте икемді келеді. Өйткені, әкелер әлдеқайда мықты, салмақты, әрі ұйымдастырғыш. Әкелерге кеңес: баланы қарасқанның айыбы жоқ. Ол тек әйелдің міндеті емес. Мұндай көмектен тартынбасаңыз, бақытты отбасының иесі атанасыз. Әйеліңіз де шаршап-шалдығып құламайды. Ондайда балаңыздың әр қылығын жаныңызбен түсініп, жүрекпен саралайсыз.

Әке-дос

Ұл баланың санасында әке ойын, қимыл-қозғалыс, еркелік-тентектікпен сипатталады. Ал аналар бұл салаларда әлдеқайда ұқыпты. Қауіпсіздікті жақсы көреді. Балаға, әсіресе ұл балаға іштегі қуатты сыртқа шығару маңызды. Ол секіріп, жүгіріп, ағашқа өрмелеп, іштегі энергиясын шығарып алуы керек. Бала осылайша өзінің қимыл-қозғалысын реттеуге дағдыланады, кеңістікте өзін ұстауды меңгереді. Сосын жәй ғана шынайы күліп, ойнауды жаны қалап тұрады. Әкеге кеңес: өз ұлыңызбен жиірек ойнаңыз. Үйде де, тыста да. Барлық белсенді ойындарды өз мойныңызға жүктеп алыңыз. Анасына кітап оқып беру мен дамытатын ойындарды қалдырыңыз. Өйткені, белсенді ойындарды сізден артық ұлыңызға ешкім үйретіп, көрсетіп бере алмас.

Ұл әкеге еліктеп өседі

Белгілі ғалым Зигмунд Фрейд «Үш жастан кейін ұл бала өзін әкесімен салыстырып өседі» деген болатын. Бала өскен сайын әкенің қимыл-әрекетін, әдетін, мінезін өзіне сіңіре бастайды. Әкенің өмірлік көзқарасын бойына жұқтырады. Адам баласына қарым-қатынасын да солай етеді. Өзіне де, шешесіне де әкенің көзімен қарайтын болады. Психологтардың айтуынша, осы себепті баланың тәрбиесінде әкенің рөлі зор. Ұл бала әкенің мысалымен өседі. Соның бойындағы қасиеттерден нәр алады. Сол арқылы тұлға болып қалыптасады. Әкеге кеңес: Сіздің ұлыңыз – сіздің айнаңыз. Оған лайықты мысал болыңыз!

 

Тәлімгер-әке

Әкенің тәлімгерлік қызметі баланың мектепке баратын сәтінен бастап күшіне ене бастайды. Анаға қарағанда әкенің беделі ұл баланың алдында әлдеқайда жоғары. Сондықтан жауапкершілігі бар әкелер осы кезден баласының тәрбиесіне белсене атсалысқаны құба-құп. Әкесі баласын жетектеп қоғаммен араласуға алып шығуы тиіс. Әкесі араласуды, өз мақсатына жетуді, ұрыс-керісті шешуді, достасуды, қыздармен дұрыс қарым-қатынас құруды үйретуі керек. Әкеге кеңес: Сабырлы болыңыз. Көрегенділік танытыңыз. Ерінбей ұл баланың тәрбиесіне қатысты әдебиеттерді бір шолып шығыңыз. Сіздің ата-анаңыз қандай тәрбиеге мән бергенін сараптаңыз. Олардың тәрбиесі сіздің өміріңізді қаншалықты мәнді еткенін бағамдаңыз. Сізге жетістікке жетуге не септесті? Не кедергі болды?

Әке – ұл үшін ең қымбат жан.

Ең биік шың. Ең асқақ асқар. Баланың өзін емес, оның әрекетін бағалауды үйреніңіз. Егер тек балаңызды бағаласаңыз, әлде оның кемшілігін ғана айтсаңыз, ұлыңыздың өзі туралы пікірі нашарлап, оның ақыры қоғамда өзін жайсыз сезінуге әкеп соғады. Жетістікке жетуі үшін жарқын мысалдарды көрсете біліңіз. «Сен жамансың» деудің орнына, «сен дұрыс істемедің» деп айтып дағдыланыңыз. Балаға дұрыс тәрбие беру үнемі ұрсып-зекуден тұрмайды. Керісінше, үздіксіз жақсы ісін мақтау арқылы адамның өзіне деген сенімін нығайтуды мақсат тұтыңыз.

 

Психологиялық кеңес беру.  

(мамандақ таңдауға кеңес)

  1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін-өзі құрметтей білуі керек.
  2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?»  «Қайда жұмыс жасағым келеді?» мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек.
  3. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?
  4. 4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?)
  5. 5. Кез келген арманды іске асыра біл.
  6. 6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

 

Оқушыларға кеңес

ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ 12 ТӘСІЛІ

 

  1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.
  2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз.
  3. 3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.
  4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз. Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.
  5. 5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.
  6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз. Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.
  7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.
  8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз. Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз. Кейбір адамдао өз кемшіліктерін көп көріп, өз өмірлерін қызықсыз деп, өз жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарылайды.
  9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, индивидум болуыңызға септігін тигізеді.
  10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.
  11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша сүруге тырыспасаңыз онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз достарыңыз және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлесеңіз онда сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз.
  12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз өзіңізге сенімді болу қиындайды.

 

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ

  1. Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.
  2. Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.
  3. Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.
  4. Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.
  5. Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.
  6. Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.
  7. Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
  8. Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.
  9. Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.
  10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.
  11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.
  12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.
  13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.
  14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.
  15. Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін түк емес.
  16. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.

 

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

Алдыңа мақсат қою

Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

Іске дайын болу

Адымыңды анық басу

Алға ұмтылу

Қорықпау, күмәнданбау

Көңіліңді тоқ ұстау

Жаңашыл болу

Басқалармен кеңесу

Тәуелсіз болу

Біртұтасты бөлшектеу

Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау

Жетістікке жету үшін

Өз потенциалынды біл

Өзіңе шектеу қойма

Өзіңді мойындат

Сезіміңді сыйла

Әдетке айналдыр

Құндылықтарынды таны

Жетістікке жетудің екі жолы бар:

өз ақылыңды пайдалану

басқалардың ақылынан пайдалану

Алға мақсат қойғанда:

  1. Мақсатыңның пайдасын біл
  2. Нені не үшін қалайтыныңды біл
  3. Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса. Ісіңді қадағала және басқар
  4. Көп ізден
  5. Ақыл мен жүректің шешімін айт
  6. Сақ бол
  7. Төзімділік таныт
  8. Өзгеріске бейімдел
  9. Сапаға мән бер
  10. Ісіңнің нәтижесін талда

Осыны біл:

Әрбір сәтсіздік тәжірибенді арттырады

Жеткен жетістікті үнемі мақтан тұту оны жаман жолда пайдалану есептеледі.

Есіңде сақта:

Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін

Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес,

Өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды

Ең үлкен жетістік – қоғамға пайдалы істі тындыру

Жетістіктің ең үлкен жауы – “кейін істермін” деп айту

Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу

 

 

 


3

 

 

 

Мектеп психологының түлектермен сұхбат жүргізуі.

  1. Сіздің сабаққа үлгеріміңіз қалай оқисыз?
  2. Қандай пәндерді ұнатасың?
  3. Қандай үйірмеге қатысасың? 4. Осы уақытқа дейін қандай үйірмеге қатысқан едің?
  4. Достарың көп пе?
  5. Саған қандай кәсіп ұнайды?
  6. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз?
  7. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді?
  8. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми
  9. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің? - ынта- ықыласқа сай оқу пәндерінен мінсіз оқып жүрсіз беБ - қосымша әдебиеттер оқисыз ба?
  10. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
  11. 12. Қоғамдық жұмысқа қалай қатысып жүрсіз?
  12. Экскурсияға бардыңыз ба?
  13. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?
  14. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?
  15. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай?
  16. Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба?

 

 

 Психологтың мектеп бітіруші түлектермен сұхбаты.

 

1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге) орналасуда көмек беретініне сенімдісің бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым» деген сөз жеткілікті ме?

 

 

 


        Мектеп психологы 

    Алиева Рита Советовна

Агабекова Акнур Бахитжановна

           

 

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы
 
 
Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.
Статистика:
Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталғаны: тұтастай алғанда көп жағдайларда жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...
Жыл мезгілі
Өзіне-өзі қол жұмсау көбінесе көктемде, яғни адамның бас қайғысы табиғаттың гүлденуімен сәйкеспеген мезгілде, болады. Қыстың күңгір бояуы қандай да бір шамада ішкі жан дүниесінің күйзелісімен үйлесімін табады, ал керісінше көктемнің шуақты күндеріне сәйкес келмей қарама-қайшылық туындайды.
Суицид алдындағы синдром: Суицидтке баруға әрекеттенгенін білдіретін кешенді психологиялық белгілер, яғни ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше аптаға немесе айларға дейінгі уақытты қамтитын суицидтік қарқынды мерзім. Қиын жағдаяттарда суицидтік әрекетке бейімі бар жағдайда ересек жасөспірімдер мен үлкендерде жиірек байқалады.
Өзіне-өзі қол жұмсауға оқталған балалар көбінесе ата-ана назарына және қамқорына зәру, 75% олардың ата-аналары ажырасқан немесе бөлек тұрады, көбіне балалар интернаттарда немесе асырап алған ата-аналарымен тұрады.
Суицидке кімдер бейім
Суицидке көбінесе келесі топтағылар бейім:
* Алдында суицидке оқталғандар (аяқталмаған). Кейбір мәліметтерге қарағанда пайыздық көрсеткіші 30% құрайды
* Суицидтік қорқытулар, тура немесе жасырын
* Өзіне-өзі зиян келтіруге бейімділік (аутоагрессия)
* Отбасында болған суицид
* Ішімдікке салыну. Ішімдікпен ауыратын адамдардың суицидке бару тәуекелділігі өте жоғары. Бұл аурудың 25–30% өзіне-өзі қол салушылыққа қатысы бар; жастар арасында одан да жоғары – 50%. Ішімдікке салынудың ұзақтығы депрессияның, өзіне кінә артудың және психикалық бұзылудың күшеюіне әсер етеді, яғни мәлім болғанындай, бұл жағдайлар көбінесе суицидтке итермелейтіні белгілі.
* Есірткіні және токсикалық (иісті) заттарды үнемі қолдану. Есірткі мен ішімдік сәйкес түрде қайғылы жадайға душар етеді. Олар адамның өзін-өзі бақылай алу қабілетін төмендетеді, депрессияны күшейтеді немесе тіпті психозды қоздырады.
* Аффектілік бұзылыстар, әсіресе ауыр депрессия (психопатологиялық синдром)
* Созылмалы немесе өлімге әкелетін аурулар;
* Ауыр қайғы, мысалы жұбайының (әке-шешесінің) қайтыс болуы, әсіресе бірінші жыл ішінде
* Отбасы мәселелері: отбасын тастап кету немесе ажырасу, қосағынан айырылу, масқара болу, арының тапталуы, аяғы ауыр болып қалу, жыныстық мәселелер.
Адамдардың тәуекел топ қатарына түсуі бірден суицидке бейімділігін аңғартпайды. Өзіне-өзі қол салушылықтың қандай да бір-ақ себебі болады деп айта алмаймыз. Сонда да кез-келген суицидті меңзейтін ишараларға аса маңыздылықпен қарау керек. Қауіпті белгілердің тіркесін, егер олар белгілі бір уақыт ішінде сақталатын болса, ерекше қырағылықпен назарда ұстау керек. Көмек туралы жан айғай әрқашан да қол ұшын соза білетін адамның жауап әрекетіне мұқтаж.
Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады.
Суицидтік қауіпті топ
* Жастар: өзара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;
* Өзін тым қатты сынауға алатындар;
* Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;
* Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік» синдромы
* Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар 
Эмоционалдық бұзылыстың көріністері:
* Тәбеттің жоғалуы немесе импульсивті ашқарақтық, ұйқы қашу немесе ұйқышылдықтың жоғарлауы;
* Соматикалық сырқаттарға (іштің ауруы, бастың ауруы, үнемі шаршау, ұйқы басуы) жиі шағымдану;
* Өзінің сыртқы бейнесіне оғаш қарау;
* Ылғи жалғыздықты, қажетсіздікті, кінәлілікті немесе мұңаюды сезіну;
* Бұрын қуаныш сыйлайтын үйреншікті дүниелерден іш пысуы, жақтырмау;
* Араласудан қашу, достарынан, отбасынан өзін оқшаулау, жалғыздыққа берілу
* Зейінінің бұзылуынан орындаған жұмыс сапасының төмендеуі
* Өлім туралы ойларға берілу
* Болашаққа жоспар жасамау
* Көбінесе ұсақ-түйектен аяқасты туындайтын ашу-ызаға булығу
Депрессия
Суицидке бейімділікті көрсететін көптеген сипаттамалар депрессия көріністерімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі белгісі болып өмірде бұрын қуаныш сыйлайтын, бақыт әкелетін заттардан ләззат алу, сүйсіну сезімдерін басынан кешіру мүмкіндіктерін жоғалту болып табылады. Қылықтары мен көңіл-күйі құрдымға кетеді және талғамсыз бола бастайды. Психика күшті сезімдерден айрылады. Адамның бойын үмітсіздік, кінәмшілдік, өзін-өзі сынау және ашуланшақтық билейді. Қимыл әрекеті бәсеңдейді немесе, керісінше, шағымға, кінәлауға немесе көмек сұрауға толы қатты, шапшаң, тіпті тоқтаусыз сөйлеуге душар болады. Ұйқының бұзылуы немесе толқын бейнелі шаршау жағдайлары жиі болады. Дірілдеу, ерні кезеру және дем алысының жиілеуі сияқты соматикалық белгілері пайда болады. Жайдан-жай, ешқандай себепсіз басының, бүйірінің немесе ішінің ауырғанын сезінген соматикалық бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Ауру адам өзінің қажетсіздігіне, күнәлі екендігіне және пайдасыздығына иланып, өмір сүру түкке тұрғысыз деген шешімге келеді.
Суицидтік әрекет басқа да психологиялық бұзылыстарда көрінуі мүмкін. Мұндай аурулардың үш негізгі түрі бар. Біріншіден, себепсіз қорқыныш, ішкі қысым немесе мазасыздық сипаттағы невроздар. Неврозбен ауырған адам айналасындағы шындықпен байланыс жоғалтпайды, бірақ онда айналасындағы қоршаған дүниеге деген сенімі жоғалып, барлығынан сезіктеніп, масасыздық билеп алады. Моральдық қалыптың, азат ойдың жетіспеуінен немесе айналасындағылармен қарым-қатынасының қиындығы нәтижесінде қылық сипатындағы немесе тұлғалық түрдегі мәселелер туындайды. Бұл адамдар жан дүниесі бұзылысымен ауырмайды, сонда да өзін кінәлі ретінде сезінбей бейәлеуметтік тұрғыдағы әрекеттер жасауы мүмкін.
Созылмалы депрессия және жалғыздық қауіп тудырады, егер:
* бұрын жақсы сезіммен қараған адамдарға өшігу сезімі;
* қандай-да бір нәрсеге қызығушылық жоқ;
* денсаулығы нашарлап кеткен;
* дәрілерге немесе ішімдікке тәуелділікке ұшыраған;
* қоғамдағы адамдардай қашқақтау және көбінесе жалғыз қалғанды ұнатады;
* өзіне-өзі қол жұмсау ойы мазалайды.
Суицидтік әрекетті болдырмау
* психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
* суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
* әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
* өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру
Түзету
Стресті бағындыра білудің әлеуметтік білік және дағдыларына үйрету. Жасөспірімдерге отбасы, мектеп, достары және т.с.с. қатыстыра отырып, әлеуметтік қолдау көрсету. Мәселелерді шешуге көмектесетін әлеуметтік-психологиялық тренингтер, өзін бағалауын көтеретін, өз тұлғасына шынайы қатынас, эмпатияны дамытатын топтық психокоррекциялық сабақтар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар өзін ұстай білу дағдыларын дамытуға арналған тренингтерге негізделген табысқа жету мотивациясын жетілдіретін психологиялық коррекция шаралары да нәтиже беруге тиіс.
Көмектесу үшін не істеуге болады?
  1. Болатын қауіптің белгілерін іздеңіз: өзіне-өзі қол салуға әрекеттенген суицидтік қорқытулар, депрессиялар, жүріс-тұрысындағы немесе мінез-құлқындағы айырықша өзгерістер, сонымен қатар ақырғы тілек-талаптарын білдіруге әзірлену. Шарасыздық пен үміті үзілгендіктің көрініс беруін бірден байқап, жалғыздыққа ұшырап, оқшауланып қалған адам емес пе екенін анықтау керек.
  2. Суицидтің алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы» құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына итермелеу керек.
       Суицидтік үрдісті басынан кешіргендер үшін имам, молла сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады. Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық тамаша кеңесшілер болып келеді.
Отбасылық дәрігерлер де сенімді көмек көрсете алады. Олар, әдеттегідей, жақсы ақпараттандырылған, жағдаятты байыпты бағалай алады және адамды білгір маманға бағыттай біледі. Басында, пациент әлі білікті көмек алмай тұрғанда, отбасылық дәрігер оған үдемелі депрессивті жағдайды бәсеңдету үшін қажетті препарат тағайындауы мүмкін.
        Кейде суицидке бейім адамдарға көмектің жалғыз таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.