Бүгін, 14 маусым күні, мектебімізде «Тәуелсіздік ұландары» атты мектеп бітіру салтанатты жиыны ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік ұландары» салтанатты жиыны мектеп ауласында өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының міндетін атқарушы А.А.Тажибаеваға сөз беріліп, мектеп бітіру аттестаттарын табыстады. Сынып жетекші мен ата-аналардың жылы лебіздері мен ізгі тілектері тыңдалды. Келесі кезекте мектеп түлектерінің ішінде Мырзакарина Назерке, Кушенова Жақсыгүл, Нарын Дильназ, Абсаттар Дилнәз және Жакубаев Азат пен Елубай Әйгерім мектебіміздің «Алтын кітабына» енді.
Биыл мектебімізде 31 түлек мектепті тәмамдап отыр, оның ішінде екі оқушымыз Мырзакарина Назерке мен Кушенова Жақсыгүл «Үздік аттестат» иегері. Мектеп түлектеріне сәт сапар тілейміз!
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/169-estgdhygf#sigFreeId92b4b58339

