Created: 18 Қазан 2021
31

Ұстаздар күні және Қарттар күні аясында мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері құттықтап үйілеріне барды.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп, шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие берген, мектебімізде талай жыл аянбай қызмет жасаған ардагер ұстаздарымызды айтулы мереке Ұстаздар күні және Қарттар күні аясында мектебіміздің оқушылары мен мұғалімдері құттықтап үйілеріне барды.

Мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, аяулы ұстаздарымызға мықты денсаулық, отбасына амандық тілейміз!