Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындар үшін бұл күн айтулы мереке. Сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отырған Білім күніне арналған 1-сынып оқушылары үшін «Кел, балалар, оқылық» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында кітаптардың данасы «Әліппені» тапсыру салтанатын мектеп әкімшілігі жүргізді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін сынып ішінде алғашқы қоңырау соғылды. Білім күніне арналған сынып сағаттарының соңында жас бүлдіршіндер алғашқы ұстаздарымен мектеп ауласына шығып, әсем әрленген шарларды ұшырды.
Білім күні құтты болсын!!!!!

