Created: 18 Қазан 2021
49

Кітап көрмесі

«Арқадағы ару қала-Сәтбаев» атты кітап көрмесін кітапханашы К.Құйқабаева мен Шубаева Н ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қ.Сәтбаевқа арналған кітаптар мен мақалалар қойылды.#сәтбаевбілімбөлімі

Сәтбаев қаласының туған күніне орай технология пәнінің мұғалімі Бейсенбек Мұхтар Жұмабайұлының ұйымдастыруымен «Менің қалам – менің мақтанышым» тақырыбында мектеп ауласына мерекелік суреттер салынды. Қанық бояулармен салынған суреттер мерекелік көңіл-күйді сыйлады. Мектепке келуші оқушылар мен ата-аналар салынған суреттерді тамашалап,оң пікірлер айтты. Мереке құтты болсын!!!

#сәтбаевбілімбөлімі

«Қазақтың ұлы ғалымы Қ.И.Сәтбаев» тақырыбында 1-11 сыныптары арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы бейнебаяндар көрсетілді. Оқушылар болашақта Сәтбаев қаласы осында болса екен деген өз тілектерін жазып, тілек кітапшаларына жабыстырды.

#сәтбаевбілімбөлімі

Қала күні қарсаңында 1 сынып оқушылары мектебіміздегі Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражайды аралау барысында оқушылар көптеген тың мәліметтермен танысты. Таныстыру барысында мұғалімдер оқушыларға қызықты мәліметтер туралы сыр шертіп, оқушыларды қызықтыра түсті. Оқушылар мұражайды аралау сәтінде үлкен ұлы сезімге, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып,ой бөлісті. Оқушылар үшін осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ!

#сәтбаевбілімбөлімі