Created: 18 Қазан 2021
40

Мектепте 1 қазан қоғамдағы өзіндік орны бөлек мамандық-ұстаздар мерекесі тойланып өтті.

Мектепте 1 қазан қоғамдағы өзіндік орны бөлек мамандық-ұстаздар мерекесі тойланып өтті. Біздің мектептің оқушылары мен ұстаздары бұл мерекені лайықты атап өтті.Осы күні таңертегілік 11 сынып оқушылары барлық ұстаздарды көтеріңкі көңіл күймен , өлең жырлармен, тосын сыйлармен қарсы алды. Одан әрі мектептің өзін –өзі басқару «Мұрагер» ұйымының және 11 сыныптардың жетекшілік етуімен 12 «А»сыныбы құрылып, пән мұғалімдерін оқушы қылып, сабақтарын өздері өткізіп бір күн мұғалімдердің орнына өздерін қойып көрді. Олар мұғалімдік мамандықтың қаншалықты қиын да, ауыр мамандық екенін көздерімен көріп, бойларынан өткізді. Кейбір оқушылар осы мамандықты таңдаймыз бізге ұнайды деп жатса, кейбірі ауыр мамандық деп қашып жатты.Жалпы оқушылар өткізген бір күн мектеп оқушыларына қуаныш сыйлады. Бұдан соң сағ:12.00 де мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен әдеби сазды көңілді қойылым ұсынды. Салтанатты кеште мектебіміздің биылғы жыл түлектері ұстаздарына үш тілде тілек айтты. Концерттік бағдарламада ұстаздар жайлы қазақша әндер айтылып , барша ұлғатты ұстаздарға қуаныш сыйлады. Іс-шараның басында мектеп директоры А.Д.Алпысова сөз алып әріптестерді құттықтады.

Ұлағатты ұстаздардың төл мерекесіне арналған 8"Б", 10 "А", 7 "А" сынып оқушыларының құттықтау челленджі.

Құрметті ұстаздар мерекелеріңіз құтты болсын!

#ұстаздаркүні

#ұстазыңдықұттықта

#деньучителя

#поздравьсвоегоучителя