Created: 18 Қазан 2021
45

24 қыркүйек күні мектебімізде «Мектеп Президенті» өзін-өзі басқару ұйымына президент пен жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды.

24 қыркүйек күні мектебімізде «Мектеп Президенті» өзін-өзі басқару ұйымына президент пен жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. 22 қыркүйек күні онлайн форматта "Мектеп Президенті" өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерін сайлауы өтті. Сайлауға 8-10 сынып оқушылары арасында 9 оқушы үміткер болды. Оқушылар сайлау алды бағдарламаларын жасап, мектебіміздің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Мектеп ұстаздарының және оқушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша 800 дауыспен 8 «Ә» сынып оқушысы Қабден Фархад «Мектеп Президенті» болып сайланса, 9 "Б" сынып оқушысы Байзакова Жанерке "Экология және еңбек" фракциясының лидері, 9 "А" сынып оқушысы Жақсылық Аружан "Өзін-өзі тану және бақыт (психология) фракциясының лидері, 10 "А" сынып оқушысы Мұратбек Меруана "Мәдениет және өнер" (музыкалық, көркем шығармашылық) фракциясының лидері, 8"Б" сынып оқушысы Олжабай Заманбек "Құқық және тәртіп" фракциясының лидері, 9 "А" сынып оқушысы Мұрат Айтжан "Ақпарат" фракциясының лидері, 9 "Б" сынып оқушысы Мүтәл Нұрасыл "Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының лидері, 9 "Ә" сынып оқушысы Төлеген Аянат "Дебат қозғалысы" фракциясының лидері, 8 "А" сынып оқушысы Сембетов Марлен "Қамқорлық" (еріктілер) фракциясының лидері болып тағайындалды. «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президенті оқушылар алдында салтанатты түрде ант беріп, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Мектеп Президенті мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп өмірін жандандырып көркейтеді деген сенімдеміз.

#школьное_самоуправление

#өзінөзі_басқару

#РУМЦДОМОНРК

#ҚОББтәрбие#ӨӨБ