Отбасы күніне орай 1-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Отбасы бақыты - ел бақыты" тақырыбында сынып сағатттары өткізілді. Сынып сағаттарында сынып жетекшілер отбасының рөлі, балаларға ата-ананы қалай құрметтеу керек екенін айтып өтсе, оқушылар өз ата-аналарына арнаған жүрек жарды өлеңдерін арнап, отбасы туралы нақыл сөздер, жыр шумақтарынан үзінділер оқылды. Отбасы туралы әр кезде айтылған ғұламалар даналық сөздерінен үзінділер келтірілді.

