Тілдер мерекесіне орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мусина Ш.Н.7-8 сыныптар арасында «Полиглот» интеллектуалдық ойын, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шукенова Б.У. 5-6 сыныптар арасында «Путешествие по русскому языку» тақырыбында сайысын өткізді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып,тілге деген қызығушылығын көрсетті.
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған "Тамырым сенсің, туған тіл" атты ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің оянуына, тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу. Мәнерлеп оқу сайыс барысында өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары қазақ тілі, ана тілі, туған жер, тәуелсіздік туралы патриоттық өлеңдер оқыды.
5 қыркүйек - «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күні. Қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күніне орай мектебімізде 5-7 - сыныптар аралығында «Сөз мерген» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 4 кезең бойынша жүргізілді. Оқушылар сайыс барысында белсенділік танытып, білімдерін көрсете білді.
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/190-puteshestvie-po-russkomu-yazyku-ta-yrybynda-sajysyn-tkizdi#sigFreeIdda5ed8d2bb

