Created: 16 Қараша 2021
50

«№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ қараша айының 11-12 –де мектепішілік олимпиада болып өтті

«№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ қараша айының 11-12 –де мектепішілік олимпиада болып өтті.Олимпиадаға мектеп бойынша барлығы 5-11 сынып аралығында 67 оқушы қатысты.Олимпиада ІІ кезеңмен өтті. Бірінші тур теориялық ,екіншісі практикалық сұрақтар болды.Осы 2 кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған оқушылар қалалық олимпиадаға жолдама алды.Атап айтар болсақ : жаратылыстану пәндері бойынша математикадан Байқасова А. 10 «А»,Алиева Г. 9 «Ә», Әмірбек Ғ 11 «А»,физикадан  Әлібекова Ш 11 «А»,география пәні бойынша, Айтқұл  Әбілмансұр 9 «Ә», Сайрмабай Нұрсұлатан 10 «А», биология пәні бойынша Нұрлан Гүлжан 9 «Ә», Мыңбаева Акбота 10 «А»,Төлеген Аянат 9 «Ә»  информатикадан  Назымбек Бекарыс 9 «А», қазақ тілі бойынша Жақсылық Аружан  9 «А», орыс тілі бойынша  Болат Акереке 9 «А», тарих пәні бойынша 11 «А» сынып оқушысы Қалибек Таңсұлу  қатысып білім нәтижелерін көрсетті. Олимпиададан орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен және алғыс хат пен марапатталды.