Created: 23 Қараша 2021
92

Бастауыш сынып бойынша өткізілген ашық сабақтар

Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,

санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. 15 – 19 қараша аралығында өтетін «Қазіргі  заман   мектебінде  тұлғалық  білім   беруді  бағдарлау» атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің апталық іс - шарасын ашқалы отырмыз. Мақсаты: Оқу үрдісінде тиімді формалар мен әдістерді табу арқылы білім сапасын арттыру.Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.

Сынып: 2 «Б»

Пәні: математика                                                                                                                        

Тақырыбы: 46 + 14, 60 – 14, 82 + 18,  100 – 82 түрінде екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

Мақсаты: 34+ 23, 57-23, 45±19, 47+33, 80-47, 100-35 жағдайларында екітаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Сынып жетекшісі: Тілепбай Еркеназ Нурланқызы

Қолданған әдіс-тәсілдері:                                                                                                                                                

1. «Тақырыптық теннис» әдісі.                                                                                                                                               

2. «Эстафеталық ойын» әдісі.                                                                             

3.Математикалық футбол ойыны.

4.«Домино» ойыны.

Кері байланыс «Жетістік баспалдығы»

 

Сынып: 1 «Б»

Пәні: әліппе

Тақырыбы: Ж дыбыс мен әрпі.

Мақсаты: Дыбыстық талдау дағдылары  қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

Сынып жетекшісі: Бектурова Лаура Жанбековна

Топқа бөлу

І топ-«Жаңғақ»

ІІ топ- «Жүзім»

ІІІ топ- «Жапырақ»

Аудио дыбыстарды тыңдату арқылы Жж дыбысы мен әріпін таптыртамын.

  1. «Ж» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
  2. «Ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.