24.01.2022 күні мектебімізде "Математика біздің айналамызда"атты математикалық сауаттылық апталығы басталды. Апталықтың мақсаты математикалық мәдениетті қалыптастыру,математикалық сауаттылықты дамыту,іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтер мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру Апталықтың бірінші күні мектебімізде "Математика айналамызда"атты сауаттылық апталығының ашылуына арналған "Оқушылардың математикалық сауаттылығы функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде"атты саптық жиыны және1-11 сыныптар аралығында "Сандарды қалай қолдану керек?","Математика адам өмірінде",Сандардың қасиеті","Сандар сыр шертеді" атты сынып сағаттары өткізілді.






