"Математика айналамызда "атты математикалық сауаттылық апталығының екінші күні математика пәні мұғалімдері Ибраева Е.А және Смайлова Г.К ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында "Математикасыз бір күн"атты эссе жазу және "Менің өмірімдегі математика"атты шығармашылық жұмыстар байқауы өткізілді.Байқауда 10 сынып оқушылары 50-60 сөзден құралған эссе жазса,9 сынып оқушылары Жақсылық А,Күзенбаев А,Өмірәлі Б,Мұхамединова Н,Тлеубаев Ә,Төлеген А өздерінің дайындап әкелген шығармашылық жұмыстарын қорғады.Бастауыш сыныптарында оқушылардың ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру мақсатында 3-4 сынып оқушылары арасында "Мен математикамен доспын" атты танымдық сайысы өткізілді.

