«№ 27 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мектеп президентінің инаугурациясына орай атқарылған іс-шараның ақпараты
27 қазан күні мектебімізде «Мектеп Президенті» өзін-өзі басқару ұйымына президент пен жаңа мүшелерін қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. 21 қазан күні "Мектеп Президенті" өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерін сайлауы өтті. Сайлауға 9-10 сынып оқушылары арасында 8 оқушы үміткер болды. Оқушылар сайлау алды бағдарламаларын жасап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Мектеп ұстаздарының және оқушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша 61 пайыз дауыспен 10 “А” сынып оқушысы Садырбеков Құдайберген «Мектеп Президенті» болып сайланса, 9 "Б" сынып оқушысы Рамазанұлы Қажымұрат "Экология және еңбек" фракциясының лидері, 9 "А" сынып оқушысы Асқар Айгерім “ Білім және ақпарат”фракциясының лидері, 9 "А" сынып оқушысы Жансамат Анель "Мәдениет және өнер" (музыкалық, көркем шығармашылық) фракциясының лидері, 9"Ә" сынып оқушысы Оспанұлы Мақсат "Құқық және тәртіп" фракциясының лидері, 9 “Ә” сынып оқушысы Серікпай Әйгерім “Спорт және салауатты өмір салты" фракциясының лидері, 9 "А" сынып оқушысы Үкібай Арайлым "Дебат қозғалысы" фракциясының лидері, 9 "Ә" сынып оқушысы Садвокасова Гүлмаржан "Қамқорлық" (еріктілер) фракциясының лидері болып тағайындалды. «Мектеп парламенті» өзін- өзі басқару ұйымының президенті оқушылар алдында салтанатты түрде ант беріп, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Мектеп Президенті мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп өмірін жандандырып, көркейтеді деген сенімдеміз.
#біртұтас_тәрбие
#ұлытау_тәрбие
#өзінөзібасқару
#самоуправление
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/209-16-10-23zh-mektep-prezidentini-inauguratsiyasy#sigFreeId6191cb7772

