Created: 17 Қараша 2023
17

11.09.23ж полиция майоры кездесу

«№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Оқушыларға қол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу бойынша атқарылған іс-шараның ақпараты

2023жыл 8 қыркүйек күні  жаңа оқу жылының басталуына  байланысты жасөспірімдер аға инспекторы, полиция майоры Сейтмагамбетов Медет Зарубаевич оқушылармен кездесу өткізді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектептің тәрбие ісінің орынбасары М.Кызданова кездесудің мақсатын түсіндірді.Жасөспірімдер аға инспекторы, полиция майоры Сейтмагамбетов Медет Зарубаевич: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп оқушылары мен ата-аналарға қол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу бойынша ақпаратты жеткізді.                                                                                                 Балалардың жолдарда мінез-құлық дағдыларының болмауы, жол қозғалысы ережелерін білмеу және оның салдарынан оларды сақтамау, ересектер тарапынан рұқсат беру, олар көбінесе өздері жол жүру ережелерін елемейтіні байқалады. Осыған жол бермеу үшін полиция органдары тарапынан балалардың құқықтық санасын арттыруға, жол жүру ережелерін сақтау жолымен жолдарда олардың өзін-өзі сақтау сезімін тәрбиелеуге қатысты іс-шаралар атқарылуда.

Және қауіпсіздікті сақтау мен жолдарда балалар жарақаттануының алдын алу бойынша облыс аумағында «Назар аударыңыз-балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы екі кезеңмен өткізілуде:

 - ағымдағы жылғы 27 тамыздан 5 қыркүйекке дейін;

- ағымдағы жылғы 6-30 қыркүйек аралығында.

Сіздерден сұрайтынымыз, жолдарда қырағы болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе, көше қиылыстарын, жолдарды кесіп өткенде сақ болу, жаяу жүргінші өткелдерін қатаң түрде белгіленген орындардан өту керек Мемлекет басшысы 2023 жылғы 29 маусымда электр самокаттарының қозғалысын реттеу бойынша Заңға қол қойды, заң ресми түрде 30 тамыздан бастап, яғни, кешеден бастап қолданысқа енгізілді.

Осы заңға сәйкес:

  • Электр самокаттардың жүргізушілеріне тыйым салынады:

1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;

2) жолаушыларды тасымалдауға;

3) жүкті тасымалдауға;

4) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;

5) басқа көлік құралын жүргізушілерге көрінуді қамтамасыз ететін жарық шағылыстыратын затсыз жолдың жүру бөлігінде тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;

6) жолдың жүру бөлігінде жүргізген кезінде түймеленген шлемсіз болуға тыйым салынады. «Жол жүрісі туралы » заңда белгіленген өзге де талаптар орындалмаған жағдайда, олар ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.


Осындағы баршаны  атап өткен ережелерді сақтауды және жолда абай болу сұралды.Баланың жолдағы қауіпсіздігі - барлық құндылықтардан жоғары!