Created: 17 Қараша 2023
15

Білім күні 01.09.23ж

«№ 27 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Білім күнінде атқарылған іс-шараның ақпараты


Мектебімізде Білім күні қарсаңында "Мектебім-мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше шаттықпен қарсы алды. Айтулы Білім күні Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері, діни жетекші, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жылдығы, Дешті Қыпшақ даласының әйгілі ұлы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, Ұлы жүздің биі Төле бидің 360 жылдығы, қазақ жырауы, батыр, көрнекті ақын Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығы, ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығы, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы тамаша тартуымен тұспа-тұс келді. Салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы ретінде Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Тулекова Сапура Сейдуалиқызы, Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Құрақбай Амангелді Қайратұлы, Сәтбаев қалалық білім бөлімінің бас маманы Джарасова Қымбат Мырзатаевна 1- сынып оқушыларына жылы лебіздерін білдірді. Мектебімізде өткен оқу жылында соғылған қоңырау үні биыл киелі ұлттық аспап-асатаяқпен алмастырылды. Рухы азат, санасы еркін халық өнерінің жасампаздығы деп қабылдайтын 11- сынып шәкірттері мен 1- сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер білім кілті, ұлттық аспаптарды ойнап көремендерді көзайым етті.
Мектеп басшысы Алпысова Әсем Даулетбаевна 2023-2024 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 102 оқушыны құттықтап, жиын соңында алғашқы ұстаздарымен білім күніне арналған сынып сағаттарына шығарып салды.