«№ 27 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Денсаулық күніне орай атқарылған іс-шараның ақпараты
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырып отырған челленжді қолдай отырып
- физикалық, психологиялық стрессті төмендетуге ықпал ету;
- оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған челленджді білім ұйымдарына жолдаймыз.
Денсаулық күніне орай "Шыныға білейік" таңғы жаттығу сағаттары ұйымдастырылды. Барлық оқушылар бір кісідей ат салысты. Сонымен қатар, "Дені саудың-тәні сау" спорттық эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылар қызыға қатысты.
Мектеп кітапханашысы Куйкабаева Казира Абилтаевнаның ұйымдастыруымен «Дені сау – ұрпақ жарқын болашақ» тақырыбында көрме ұйымдастырып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көрме барасында елімізге танымал ірі спорт шеберлері мен жергілікті спорт саласындағы майталмандардың өмірімен таныстырды.
#физкультминутка
#зож
#сергітусәті
#денсаулықкүні
#менспорттытаңдаймын
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/220-densaulyk-k-ni#sigFreeIdfa3c0da0f1

