02.11.2023 жылы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» тақырыбында 5 – сынып оқушыларының ата – аналарымен мектеп психологтары Р.С.Алиева, Г.Ә.Усмаханбет жиналыс өткізді. Жиналыс ата –аналардың отбасылық әл – ауқатын нығайту үшін прогрессивті дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Ата – аналарды сергітуде, қолайлы климат қалыптастыруда «c», «Менің отбасымдағы қуаныш - бұл» жаттығулары орындалды. Ата – аналардың ең үлкен миссиясы – «Ата – ана болу» туралы, міндеттері, отбасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтары тақырыбында «педагог – бала- ата –ана» үштік одағы біріккен әңгімелер жүргізілді. «Қазақ отбасы» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, бейнебаян желісінде ата – аналармен талқылау өтті. «Отбасылық кеңесте», «Отбасында айтылатын жылы сөздер» тақырыбында топтық жұмыс орындалды. Ата – аналар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Жиналыс соңында «Біздің өміріміз отбасында өтеді, жер бетінде технология дамып, бірнеше ғасырлар ауысса да өз құндылығын жоғалтпайтын отбасылық дәстүрлер бар. Құндылықтар- отбасы бақытының негізі. Отбасыңызға қамқор болыңыз, отбасында сыйластықты, ынтымақты көріп өскен бала, отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға, жалғастыруға көмектеседі » деп ата – аналарға психолог Р.С.Алиева кеңес берді.
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/223-otbasy-b-l#sigFreeId306da7b006

