"ТОҒЫЗ АЙҒА 9 ІС-ШАРА" тұжырымдамасы бойынша 2023 жылғы 17 қараша күні №27 жалпы білім беретін мектебінде "Асық ату" челленджі ұйымдастырылды. Челлендж мақсаты - білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Асық ойыны балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулиды. Ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған іс -шара оқушылар үшін танымды әрі қызықты өтті.
Created: 02 Желтоқсан 2023
33

