Created: 19 Сәуiр 2025
11

Буллингтің алдын алу мақсатында

07.11.2023 жылы психологтың жылдық жоспарына сәйкес мектеп психологы Усмаханбет Г.Ә буллингтің алдын алу мақсатында 4 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға қолдау көрсете отырып, егер біреудің қорлық көргенін көрдім деп ойласаңыз, үндеми қалмаңыз. Сол адамды барынша қолдаңыз, сіздің жылы сөзіңіздің көп әсері бар. Егер сіздің біреуге деген мінез-құлқыңыз бұзақылық санатына жатады деп ойласаңыз, өзгертулер енгізе аласыз. Бұзақылықты тоқтатыңыз. Тоқтатып жақын адамыңыздан қолдау сұраңыз. Барынша сыпайы, мейірімді болайық деген кеңестер берілді.