02.11.2023 жылы «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» тақырыбында 5 - сынып оқушыларының ата - аналарымен мектеп психологтары Р.С.Алиева, Г.Ә.Усмаханбет жиналыс өткізді. Жиналыс ата -аналардың отбасылық әл – ауқатын нығайту үшін прогрессивті дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру мақсатында өткізілді. Ата - аналарды сергітуде, қолайлы климат қалыптастыруда «Отбасы - бұл ..», «Менің отбасымдағы қуаныш - бұл» жаттығулары орындалды. Ата - аналардың ең үлкен миссиясы - «Ата - ана болу» туралы, міндеттері, отбасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтары тақырыбында «педагог - бала- ата - ана» үштік одағы біріккен әңгімелер жүргізілді. «Қазақ отбасы» тақырыбында бейнебаян көрсетіліп, бейнебаян желісінде ата – аналармен талқылау өтті. «Отбасылық кеңесте», «Отбасында айтылатын жылы сөздер» тақырыбында топтық жұмыс орындалды. Ата - аналар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өздеріне қажетті мәліметтер алды. Жиналыс соңында «Біздің өміріміз отбасында өтеді, жер бетінде технология дамып, бірнеше ғасырлар ауысса да өз құндылығын жоғалтпайтын отбасылық дәстүрлер бар. Құндылықтар- отбасы бақытының негізі. Отбасыңызға қамқор болыңыз, отбасында сыйластықты, ынтымақты көріп өскен бала, отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге, сақтауға, жалғастыруға көмектеседі » деп ата – аналарға психолог Р.С.Алиева кеңес берді.
https://sh27-satpaev.edu.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/230-ata-analardy-pedagogikaly-oldau#sigFreeId132427e982

