21.05 - 03.06.2024 жыл Ұлытау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде білім беру ұйымдары арасында ұжымдық байқаулар өтті. Сәтбаев қаласының білім бөлімінің 27 жалпы білім беретін мектебінің "Үздік музей - 2024" номинациясы бойынша қалалық жүлделі 1 орынды иеленсе, облыстық деңгейде бас жүлде иеленіп 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Мектеп жетістігі құтты болсын!

