“Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы” ММ және “Тыңда мені” ҚҚ ұйымдастырған «Жетістікке сәтті қадам» атты білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың зерттеу жұмыстарының республикалық деңгейдегі сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты-зерттеу және шығармашылық қызметке қызығушылық танытатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау. Конкурс 5 бағытта өткізілді. Соның ішінде
«Кел, балалар, оқылық» секциясында Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы "№27 жалпы білім беретін мектебі" КММ 9 “Б” сынып білім алушысы Асылбек Аслия “Ағылшын тілі біздің айналамызда” тақырыбында зерттеу жұмысын қорғады. Конкурс қорытындысы бойынша 12-17 жас аралығындағы білім алушылар ішінен 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Баймуханова Жансая Муратбековна.


