Мектептің үздік оқушысы Майлыбаева Мархаббат 9 «А» сынып оқушысы.
* Жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен ІІ,ІІІ орын иегері.
* Жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасының жаратылыстану-математикалық пәндерден І дәрежелі диплом жүлдегері
* Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ағартушы-педагог, жазушы Ы.Алтынсариннің өмірбаяны мен шығармашылығына арналған қалалық «Білімге құштар» ұрпақ сайысында ІІІ орын.
* «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылының «М.Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып сертификат және І орын дипломмен марапатталды.
* Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
* «Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ ұйымдастырған қалалық жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілген «Үздік сылақшы» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін Бас жүлде.
* 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша Алғыс хат.
* «Ақберен» шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық өнер байқауының қалалық кезеңіне «Эссе жазу» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын.
* «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5-7 сынып оқушылары арасындағы қалалық «Кітап оқып, тұлға боламын» байқауында «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбы бойынша ІІ орын.


