Created: 21 Сәуiр 2025
7

Мектептің білім берумен қатар атқаратын қызметтерінің бірі – кәсіптік бағдар беру.

Мектептің білім берумен қатар атқаратын қызметтерінің бірі – кәсіптік бағдар беру. Оның мәні – мектеп оқушыларының болашақ мамандығын таңдау мүмкіндігін беру. Бұл жұмыс оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бүкіл оқу үдерісінде жүзеге асырылады. Бұл әртүрлі мамандықтардың ерекшеліктерін тереңірек түсінуді қалыптастырады. Бұл жас санатындағы оқушыларға кәсіптік бағдар беру барысында бар мамандықтар туралы негізгі білімдерді игереді, олардың қызығушылықтары мен даму болашағын түсінеді. 9 "Ә" сыныбында кәсіптік бағдар беруші Раис Ақбөпе Қодашқызы «Профи TIME» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Осы тақырып бойынша тапсырмалар мен ойындар дайындады. Оқушылар аса қызығушылықпен қатысты, 10-шы сыныпқа қалатын 13 оқушы, колледжге баратын 9 оқушы анықталды. Заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол.