Сәтбаев қаласының қорғаныс істер бөлімінің бастығы, майор Амангелді Талғат Амангельдыұлы оқушылармен кездесу өткізіп, оларға әскери бөлімдер мен оқу орындары жайлы маңызды мәліметтер берді. Бұл кездесуде әскери қызметтің қыр-сыры, еліміздің Қарулы Күштеріне түсу жолдары және әскери оқу орындарының мүмкіндіктері туралы айтылды.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, олардың әскери салаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара білім алушыларға болашақ мамандық таңдауда пайдалы ақпарат берді. Талғат Амангельдыұлы әскери қызметтің жауапкершілігі мен артықшылықтары туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

