2023 жылдың 19 қаңтарда Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласында мектептердің кәсіби бағдар беруге жауапты мамандарымен бірлесе отырып тренинг өтті. Жаңадан кәсіби бағдар беру Клубы ашылды. "Мектептегі кәсіптік бағдар беру қызметі" жобасының жетекшісі, психология магистрі А. С. Оразбекова тренинг өткізді. Клуб басшысы болып Сәтбаев қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі КММ кәсіптік бағдар беруге жауапты тәрбие ісінің меңгерушісі, Найманов Берікбол тағайындалды.
Created: 22 Сәуiр 2025
10


