Created: 23 Сәуiр 2025
10

Ұстаз Ұлытау жобасының "Кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар" бағыты бойынша бүгін мектебімізде Zoom арқылы онлайн жәрмеңке өтті.

Ұстаз Ұлытау жобасының "Кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар" бағыты бойынша бүгін мектебімізде Zoom арқылы онлайн жәрмеңке өтті. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің маманы Нұрлан Берікұлы кездесу барысында оқу орнының мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, зерттеу жобалары және студенттерге арналған қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, талапкерлер мен студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, университетке түсу шарттары, академиялық және тәжірибелік мүмкіндіктер талқыланды. Кездесу интерактивті форматта өтті, қатысушыларға пайдалы кеңестер ұсынылды. Сәтбаев, Жезқазған, Балхаш қалаларынан да мектептер қатысты.