9 сыныптар бойынша қорытынды аттесттау туралы
Қазіргі уақытта 9-сыныптың емтихан тапсыру форматы өзгерген. Бұрын диктант не шығарма жазатын. Диктант мәтіні оқушы жазатын күні белгілі болатын. Ал шығарма әдебиет пәні тақырыптары бойынша алдын ала жарияланып отырды.
Қазіргі формат бойынша емтихан тапсырмалары қазақ тілі пәнінен жыл бойы өткен бөлімдер негізінде белгілі бір бөлімге 2 түрлі стильдегі мәтін беріледі. Сол мәтіндерді оқып, салыстыра отырып көтерілген мәселеге байланысты эссе жазады. ( Гуманитарлық циклдегі мектептер эссе, әңгіме, мақала жазады).
Сондықтан 9-сыныпты бітіретін түлектер емтиханға қалай дайындалады? Жыл бойы өткен бөлімдер бойынша тақырыптарды, алған ақпараттарын қайталау керек. 9-сыныптар үшін қазақ тілінен қорытынды аттестаттау спецификациясы негізінде дайындалу керек.
Қорытынды аттестаттау тапсырмалары қазақ тілі пәнінен болғандықтан, алдын ала эссе тақырыптары ұсынылмайды.

